Күрес

Қазақстандық екі балуан әлем құрамасына шақырту алды

10-11 желтоқсанда еркін және әйелдер күресінен АҚШ-та Әлем кубогы өтеді.

Қазақстандық балуандар Жәмилә Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Әлем кубогына қатысу үшін әлем құрамасына шақырылды. Бұл туралы Kazakhstan Wrestling мәлімдеді.

10-11 желтоқсанда еркін және әйелдер күресінен АҚШ-та Әлем кубогы өтеді, деп жазады qazaqsporty.kz. Әлем чемпионатының рейтингі бойынша үздік шыққан бес команда Кубокқа жолдама алады. Алтыншы команда – жұлдыздар командасы. Құрамды Біріккен күрес әлемі (UWW) анықтайды. Кубокқа ілікпегендердің арасынан әлемдік рейтингте жоғары тұрған спортшылар таңдалады.

Сыйақы қоры – 100 мың швейцар франкі. Бірінші орын алған команда 70 пайызын, екіншісі – 20, ал үшіншісі 10 пайызын алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button