Шетел жаңалықтары

Роджер Федерер карьерасын аяқтау туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты

Федерер Лэйвер кубогынан соң спортпен қош айтысатынын мәлімдеген.

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер карьерасын неге аяқтағанын түсіндірді, деп жазады qazaqsporty.kz.

«Соңғы үш жыл оңай болған жоқ. Уимблдонда ойнап, өзімді мұздың үстінде жүргендей сезіндім. Оралғым келген, алайда барлық нәрсенің өз шегі болады. Сондықтан бұған сенуді қойдым.

Бұл нүкте жақындағанын тез түсіндік. Енді қашан және қалай айтамыз деген сұрақ туындады. Шынайы өмір деген осы. Дұрыс қабылдауға тырыстым, бірақ оңай емес екен», – дейді Роджер Федерер ВВС-ге берген сұхбатында.

41 жастағы Федерер қыркүйектің соңында Лондонда өтетін Лэйвер кубогынан соң спортпен қош айтысатынын мәлімдеді.

Швейцариялық теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерінде 20 рет топ жарған. АТР турнирлеріндегі 103 жеңісі тағы бар. Әлемдік рейтингте ең ұзақ көш бастаған да осы Федерер – 237 апта.

Басқа жаңалықтар

Back to top button