Басты

Евгений Федоров велоспорттан 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды

Аустралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатындағы Вуллонгонг қаласында велоспорттан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. 170 шақырымға созылған топтық жарыста отандасымыз Евгений Федоров жеңіске жетті.

Евгений Федоров – Қазақстаннан шыққан екінші жеңімпаз. Осыған дейін 23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасында 2012 жылы Алексей Луценко Әлем чемпионы атанған.

Аустралиядағы Әлем чемпионаты 25 қыркүйекте аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button