Теннис

Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 65-ракеткасы италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте Сонего сәтті ойнады – 7:6 (7:3). Екінші сетте италиялық спортшы айқын басымдылық көрсетті – 6:2.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Александр 7 жас жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Бұл Бубликтің ATP жарыстарындағы жетінші финалы еді. Ол биыл жыл басында Монпелье додасында топ жарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button