Шетел жаңалықтары

Роналду «Манчестер Юнайтедтен» қыста кетуі мүмкін

Португалиялық шабуылшы осы жазда командадан кетуді жоспарлаған болатын.

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду қысқы трансферлік кезеңде клубтан кетуі мүмкін.

Португалиялық шабуылшы негізі осы жазда командадан кеткісі келген. Бірақ жаңа команда таба алған жоқ.

Енді ол қысқы трансферлік кезеңде ұжымнан кетуі мүмкін. Алайда шабуылшы әлі нақты шешім қабылдамаған.

Дегенмен МЮ Роналдуды қыста ешқайда жібермей қоюы да ықтимал. Себебі командада шабуылшы тапшы. Антони Марсиаль жарақаттан көз ашпай келеді, ал Маркус Рашфорд тұрақты емес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button