Шетел жаңалықтары

Месси «Барселонаға» оралғысы келеді, бірақ бір талабы бар

ПСЖ форварды Лионель Месси жазда «Барселона» сапына оралуға дайын.

Келісімшарт мерзімі аяқталған соң 35 жастағы аргентиналықтың Париж клубында қалғысы жоқ.

Алайда Мессидің талабы бар: каталон клубынан Жерар Пике кетуі керек.

Екі футболшының қарым-қатынасы бұзылғаны көп айтылып жүрген, тіпті сөйлеспей де қойған.

Осы маусымда Месси ПСЖ сапында 11 матчта 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Барса сапынан ол 2021 жылы кеткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button