Шетел жаңалықтары

Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің барлық қатысушылары анықталды

Ұлттар лигасының плей-офф жартылай финалдары 2023 жылдың 14-15 маусымына жоспарланған.

Футболдан Хорватия, Испания, Италия және Нидерланд құрамалары Ұлттар лигасының плей‑офф кезеңінде ойнайды.

Хорваттар 13 ұпаймен А дивизионының 1-тобында көш бастаса, испандар 11 ұпаймен 2-топта, итальяндар 11 ұпаймен 3-топта, нидерландтар 16 ұпаймен 4-топта үздік шықты.

Ұлттар лигасының плей-офф жартылай финалдары 2023 жылдың 14-15 маусымына жоспарланған. 18 маусымда турнирдің финалы мен үшінші орын үшін ойындар өтеді.

Ұлттар лигасының жеңімпазы – әзірге Франция құрамасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button