Шетел жаңалықтары

«Реал» жұлдызы карьерасын аяқтамақ

Мадридтің «Реал» клубының футболшысы Тони Кроос осы маусымнан кейін мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды MadridUniversal.

32 жастағы ойыншы клубпен жазда аяқталатын келісімшартты ұзартуды талқылаудан бас тартқан, деп жазады qazaqsporty.kz.

Сондықтан неміс спорттық мансабын «Реал Мадридте» аяқтауды жоспарлап отыр. Кроос шамасы жеткенше ойнаудан гөрі абыройы барда футболмен қош айтысуды жөн көріп отыр. Сонымен қатар ол жас ойыншылардың дамуына кедергі жасағысы келмейтін көрінеді.

Осыған байланысты «Реал» жартылай қорғаушыны алмастыратын ойыншы іздеуге кіріскен. Үміткерлердің бірі – «Фламенгоның» 21 жастағы бразилиялық футболшысы Гомес да Силва.

Естеріңізге сала кетейік, Кроос 2014 жылдың жазында Мюнхендегі «Бавариядан» «Реалға» ауысты. «Корольдік» клуб сапында ол Чемпиондар лигасын төрт рет жеңіп алды, одан қалды чемпионаттарда, Испания суперкубогында, УЕФА суперкубогы мен клубтық әлем чемпионатындағы жеңісі де жетіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button