Теннис

Теннистен Қазақстан чемпиондары анықталды

Финалда ерлер арасында Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев кездесті.

Биылғы еліміздің қысқы біріншілігінде де осы екеуі финалда ойнап, ол кезде де Бейбіт жеңіске жеткен, деп жазады qazaqsporty.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ал бұл жолғы есеп – 6 (7:4), 6:4. Осылайша Жұқаев Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды.

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешімімен және ҚР чемпионатында жеңіске жетуінің арқасында Ақтау қаласы теннис мектебінің тәрбиеленушісі ATP 500 Astana Open турнирінің негізгі себетіне жолдама алды.

Сондай-ақ Бейбіт Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бубликпен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді. Негізгі себеттің дуэтінде Денис Евсеев пен Григорий Ломакин де кортқа шығады.

Әйелдер арасында Гозаль Айнитдинова алтынға таласта еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Жібек Құламбаеваны 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button