Теннис

Astana Open турнирінің іріктеу сайыстары аяқталды

Елордада Astana Open ATP 500 турнирінің іріктеу сайыстары аяқталды.

Александр Недовесов негізгі жарысқа өте алмады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында қытайлық Чжичжень Чжанға есе жіберді – 6:7 (5:7), 3:6.

Бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте Александр сетболын пайдалана алмады. Содан кейін тай-брейкте қарсыласы сәтті ойнады.

Негізгі турнирге әлемнің 65-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенді италиялық Лука Нарди ұтты. Отандасы Павел Котовты сүріндірген ресейлік Александр Шевченко, сондай-ақ түркиялық Алтуг Челикбилекті жолдан тайдырған әлемнің 72-ракеткасы, сербиялық Ласло Джере негізгі додаға жолдама алды.

Astana Open ATP 500 жарысының негізгі кезеңі ертең басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button