Басты

Сойлыбаев WBA атағы үшін таласта жеңіске жетті

Сойлыбаев ОАР өкілі Сифосета Мвуламен кездесті.

Қазақстандық Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) Люблиндегі (Польша) кәсіби бокс кешінде шаршы алаңға шықты.

Сойлыбаев ОАР өкілі Сифосета Мвуламен кездесті. Бос WBA Inter-Continental чемпиондық атағы сарапқа салынған айқас 12 раундқа есептелген болатын. Алайда жекпе-жек жетінші раундта аяқталды – Сойлыбаев нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Мвула жеңіл салмақта IBF Continental Africa белдігінің иегері.

Сонымен қатар кеште жерлестеріміз Бекзад Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузиялық Яго Кизирияны жеңсе, Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) аргентиналық Марсело Эстебана Косересадан басым түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button