Басты

Ресми! Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғайды

Отандасымыздың қарсыласы – британиялық Дэнзел Бентли (17-1-1, 14 КО).

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO атағын ресми түрде қорғайтынын мәлімдеді.

Отандасымыздың қарсыласы – британиялық Дэнзел Бентли (17-1-1, 14 КО).

12 қарашаға жоспарланған бұл кездесу Лас-Вегастағы Palms Casino Resort аренасында өтетін бокс кешінің басты айқасы болмақ. 

Айта кетейік, 29 жастағы Әлімханұлы – WBO нұсқасы бойынша орта салмақта толыққанды әлем чемпионы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button