Басты

Astana Open ATP 500: Бублик ширек финалға шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 10, осы жарыстың 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен ойнады.

Бірінші партия басында Х.Хуркач брейкпен алға кетті. Содан кейін басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте де Хуберт брейкпен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Хуркач жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button