Шетел жаңалықтары

Месси Аргентина құрамасындағы болашағына қатысты пікір білдірді

Месси Катардағы әлем чемпионатын асыға күтіп жүргенін айтады.

«Пари Сен‑Жермен» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Катардағы әлем чемпионаты мансабындағы соңғы біріншілік болатынын мәлімдеді.

«Бұл менің соңғы әлем чемпионатым. Солай болатынына сенімдімін. Мен өзімді физикалық тұрғыдан жақсы сезінемін, осы жылы маусым алдындағы дайындықты жақсы өткіздім.

Әлем чемпионатына дейін күн санап жүрміз», – деді Месси TN-ге берген сұхбатында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button