Футзал

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Словениямен өткізді.

Қазақстандық футзалшылар бесінші топта Словения және Черногория құрамаларымен сынға түседі.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық футзалшылар жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 7-минутында қазақстандық Альберт Ақбалықов есеп ашса, Дуглас Жуниор 36-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен сүріндірді.

Енді қазақстандық футзалшылар 12 қазанда сырт алаңда Черногориямен шеберлік байқасады.

Қазақстан – Словения – 2:0 (1:0)

Голдар: Ақбалықов, 6, Дуглас 35

Қазақстан: Игита (Қ) (К), Дуглас, Есенаманов, Тұрсағұлов, Тайнан – Байдулла, Нұрғожин, Лео, Валиуллин, Ақбалықов, Кнауб, Жұма, Кошкин, Дәрібай;

Словакия: Берзелак (Қ), Турк, Тотошкович, Осредкар (К), Хозян – Логар (Қ), Ковачич, Весел, Дурич, Буковец, Янеж, Чех, Фидершек;

Судьи: Камил Четин, Озан Сойкан, Угур Чакмак (бәрі  – Түркия)

8 қазан, 2022 – 18:00. Астана, «Жекпе-Жек».

Басқа жаңалықтар

Back to top button