Басты

Astana Open ATP 500: Джокович финалда

Новак Джокович Astana Open ATP 500 жарысының финалына шықты.

«Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің 7-ракеткасы Новак Джокович Astana Open ATP 500 жарысының финалына шықты.

Сербиялық теннисші жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда ресейлік спортшы басымдылық көрсетті – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте Джокович сәтті ойнады – 7:6 (8:6). Бұдан кейін Медведев жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Осылайша, финалда Новак әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесетін болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button