Басты

Қанат Ислам жеңіске жетті

Қанат Ислам (29-1, 22 КО) АҚШ-та өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

«Қазақ» лақап атымен танымал 38 жастағы отандасымыз бұл жолы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельмен (34-18, 23 КО) жұдырықтасты.  

Плант-Ситидегі бокс айқасы сегіз раундқа есептелеген еді.  

Боксшылар сегіз раунд жұдырықтасып, Қанат төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның карьерасындағы 29-жеңісі, ал Масьель осымен 18-рет жеңілді.   

Айта кетейік, Қанат Илам карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейін қайтадан жеңіске жетіп отыр. Ақпан айында Қанат британиялық Джимми Келлиге есе жіберген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button