Басты

UFC: Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

Олар UFC-дің бірінші турнирінде бақ сынасады.

ESPN инсайдері Бретт Окамото мен MMAJunkie отандасымыз Шавкат Рахманов пен америкалық Джефф Нилдің жекпе-жегі 2023 жылдың 14 қаңтарына белгіленіп отырғанын хабарлайды. Олар UFC-дің бірінші турнирінде бақ сынасады.

Жекпе-жек үш раундқа есептелген.

UFC Fight Night 217 турнирі Лас-Вегастағы UFC Apex алаңында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетсек, мұнда Шавкаттың соңғы үш жекпе-жегі өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button