Шетел жаңалықтары

Гризманн жанкүйерлерінен кешірім сұрады

«Атлетико» сырт алаңда «Атлетикті» 1:0 есебімен ұтты.

«Атлетиконың» француз шабуылшысы Антуан Гризманн Примераның тоғызыншы турында «Атлетикпен» өткен ойынға баға бере отырып, жанкүйерлерден «Барселонаға» ауысқан кезі үшін кешірім сұрады. Естеріңізде болса, футболшы каталон клубының сапын 2019 жылы толықтырған.

«Атлетикомен» келісімшарт жасап, толыққанды ойыншысы атанғаныма қуаныштымын. Бірақ кешірім сұрағым келеді. Адамдарға қандай да бір зияным тисе, сол үшін кешірім өтінемін. Енді барымды салуға тырысамын. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз», – деді Гризманн.

«Атлетико» сырт алаңда «Атлетикті» 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды осы француз соқты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button