Шетел жаңалықтары

Мбаппе ПСЖ-дан кетпейтінін мәлімдеді

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе француз клубында өзін бақытты сезінетінін мәлімдеді.

Футболшы қысқы трансфер кезінде ешқайда кетпейді.

Апта бойы басылымдар Килиан Мбаппенің басқа клубқа ауысуы мүмкін екендігін жазып келді. Шабуылшы Франция чемпионымен келісімшартты ұзартқанына, клуб өз міндеттемелерін орындамағанына ашулы екендігі айтылды.

«Мен туралы жалған қауесеттерге қатыспаймын. Мен «Пари Сен-Жерме» ойыншысы болғаныма қуаныштымын және қаңтарда да, басқа уақытта да ешқайда бармаймын деп айта аламын», – деді Мбаппе.

Өткен жазда Килиан Мбаппе париждіктермен келісімшартты 2025 жылдың жазына дейін ұзартты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button