Теннис

Отандық теннисшілер әлемдік рейтингіде позицияларын жақсартты

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Әйелдер арасында жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, 24-орынға жайғасты.

Юлия Путинцева енді әлемдік рейтингіде 55-ші, Зарина Дияс 499-шы орында тұр.

Жұптық разрядта Анна Данилина өзінің жеке рекордын қайталап, 19-шы орынға көтерілді. Жібек Құламбаева да өз позициясын жақсартып, 186-ыншы болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button