Таеквондо

Podgorica Open: қазақстандық таеквондошылар бір алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді

Сәуле Сардарова шәкірттері бір алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді.

Қазақстандық таеквондошылар Черногорияда өткен халықаралық Podgorica Open G-2 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Сәуле Сардарова шәкірттері бір алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді. 46 келіде Айдана Еділбаева турнирде топ жарса, Мария Севостьянова (57 кг) күміс жүлде иегері атанды. Ал 49 келінің өкілі Нұрай Бауыржанова қола медальді қанжығасына басты. Осылайша спортшыларымыз командалық есепте үздік үштікке енді.

Рейтингілік турнир 14-16 қазан аралығында Подгорица қаласында өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button