Шетел жаңалықтары

Катар-2022: әлем чемпионатына қанша билет сатылды

Катардағы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты матчтарына сатылған билеттер саны анықталды.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, үш миллионға жуық билет сатылған.

«Әлем чемпионатына бір ай қалғанда 2,89 миллион билет сатып алынды. Әлем чемпионатының матчтарына билеттердің басым бөлігін Сауд Арабиясы, БАӘ, АҚШ, Ұлыбритания, Мексика, Бразилия, Аргентина және Германия жанкүйерлері сатып алды», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жанкүйерлерді орналастыру үшін қонақүйлер мен тұрғын үй кешендерінде 30 мың қосымша бөлме бөлінеді. Чемпионат кезінде Катарда тұру бағасы бірнеше адамға арналған бөлмеде бір түнге 80 доллардан басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button