Дзюдо

Есет Қуанов – Абу-Дабидегі Үлкен Дулыға кезеңінің қола жүлдегері

Есет Қуанов БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан өтіп жатқан Үлкен Дулыға кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық дзюдошы жүлде жолында алжирлік Вайл Эззинді таза ұтты. Бұл оның Үлкен Дулыға додасындағы алғашқы медалі.

Айта кетейік, Есет 66 келіге дейінгі салмақтың іріктеуін С тобында бастады. Алғашқы кездесуде грузин Георгий Тутушвилиді, 2-айналымда мысырлық Мұхаммед Абдель Магудты, сосын германиялық Мартин Сетцті жеңді. Ал ширек финалда испан Альберто Мартин Гайтероның осал тұсын тапқанымен, тәжірибелі итальян Элиос Манциге есе жіберіп алды.

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Ермек Амангелді иорданиялық дзюдошының осал тұсын тапқан. Алайда украин Богдан Йадовтан ары аса алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button