Таеквондо

Отандық паратаеквондошлар Гран-приде үздіктер қатарынан көрінді

19-20 қазан аралығында Манчестер қаласында (Ұлыбритания) паратаеквондодан әлемдік Grand Prix G6 турнирі өтті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Әлемнің 27 елінен ең үздік 86 спортшының басын қосқан турнирде Нұржан Есілбаев шәкірттері үздіктер қатарынан көрінді. 57 келіде Камиля Досмалова қола медальға ие болса, 80 келідегі Нұрлан Домбаев пен +80 келідегі Нышан Өмірәлі күміс жүлдегер атанды.

Атап өтер жайт, бұл әлемдік Гран-приге үздік ондықта тұрған спортшылар ғана қатысты. Ал ұпай саны жағынан үздік алты спортшыға 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға тікелей жолдама беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button