Баскетбол

«Астана» БК өз алаңында ұтылды

Елорданың «Астана» баскетбол клубы ВТБ Біріккен лигасы аясында «Нижний Новгородты» қабылдады.

Бірінші және екінші кезеңдерде астаналықтар ірі есеппен жеңілсе, үшінші және төртінші кезеңдерде белсенді болды. Бірақ таразы басын теңестіруге шамасы жетпеді.

«Астана» сапында мергендігімен көзге түскен – Майкл Майерс, 17 ұпай. Валерий Лиходей 8 ұпай жинаса, Дмитрий Гаврилов — 7, Дендре Паркс — 6, Александр Оразбеков — 5, Даниил Аксенов және Максим Марчук — 4 ұпайдан, Рустам Мурзагалиев, Вадим Щербак пен Олег Балашов — 3 ұпайдан.

Олег Киселев шәкірттері келесі ойынын 27 қазанда сырт алаңда «Самарамен» өткізеді.

ВТБ Біріккен лигасы. 5-тур
«Астана» — «Нижний Новгород» – 60:80 (16:28, 9:22, 19:16, 16:14). 

Басқа жаңалықтар

Back to top button