Шетел жаңалықтары

Мбаппе жалақысы ең көп футболшыға айналуы мүмкін

«Пари Сен-Жермен» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе арасындағы келісімнің кей тұстары белгілі болды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 23 жастағы футболшы келісімшарттың үш жылында 630 миллион еуро таба алады. Осылайша ол тарихтағы ең көп жалақы алатын футболшы атануы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы рекорд ПСЖ-ның басқа шабуылшысы Лионель Мессиге тиесілі болған. 2017 жылы аргентиналық «Барселона» клубымен555 миллион еуроға қол қойды.

Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдың шілдесінен бастап өнер көрсетеді. Келісімшарт 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button