Теннис

Үстел теннисінен ҚР командалық ашық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Павлодарда өткен үстел теннисінен командалық Қазақстан ашық чемпионатының үшінші айналымында «Қарағанды» клубынан Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Вадим Ярошенко, Евгений Груздов, жаттықтырушы Игорь Рубцов жеңіске жетті.

Қарағандылықтар 9 матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал жарыстың соңғы күні «Sarkan» (Талдықорған) командасындағы басты қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті.

Қазіргі уақытта «Қарағанды» – бірінші, «Sarkan» – екінші, «Шолақ-Терек» – (Қостанай облысы) үшінші орында тұр.

Үздік үштіктен кейін «Sigma» (Шымкент), «Karven» (Қырғызстан), Павлодар, «Қарағанды-3» КНТ, «Қазаэронавигация» (Астана), «Масаншы жолбарыстары», СК «Хван Ман-Гым» (Өзбекстан).

Соңғы тур желтоқсан айының ортасында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button