Күрес

Самбодан әлем чемпионатына қатысатын құрама анықталды

Самбодан Бішкекте өтетін әлем чемпионатына баратын ұлттық құрама белгілі болды.

Бішкекке аттанатын ұлттық құрама спортшылары:

Самбодан – Қайырберді Айдынбай, Арнұр Қуатай, Есентай Имаханов, Мәрлен Жанғабыл, Еламан Қойшыбаев, Алибек Зекенов, Темірлан Көлбай;

Әйелдер – Маргарита Бажаева, Гүлдана Әлмұханбетова, Ажар Салықова, Маржан Бизақ, Ділдаш Кұрышбаева, Арайлым Әбенова, Азман Амаева;

Жауынгерлік самбо – Мирас Уәлиев, Әділбек Сейісов, Асылбек Смайылов, Әсет Анарбаев, Мәди Райхан, Айбек Саметаев, Талғат Жиентаев;

Ерлер құрамасының бас бапкері – Біржан Имаханов, ал әйелдер құрамасының бас бапкері – Құралбай Орынбасар.

Айта кетейік, 11-13 қараша аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) жеңімпаз анықталады. Бәсекенің жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button