Теннис

Голубев пен Недовесов Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қазақстандық жұп алғашқы айналымда жарыстың 4-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Гласспул – финляндиялық Харри Хелиоварамен кездесті.

Недовесов пен Голубев 1 сағат 26 минутқа созылған матчта 7:5, 4:6, 10:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық жұп жартылай финалға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос испаниялық Давид Вега Эрнандеспен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button