Басты

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасында клубтық рекорд орнатты

Юрген Клопп жетекшілік ететін «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне қатарынан алтыншы рет шықты

Бұл олардың турнирдегі ең ұзақ сериясы.

Топтық кезеңнің бесінші турындағы матчта клуб Амстердамның «Аяксын» 3-0 есебімен жеңіп, бес турдан кейін 12 ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алды. «Ливерпуль» турнир кестесінде екінші орында. 15 ұпай жинаған «Наполи» топ басында.

Клопп 2015 жылдан бері «Ливерпульдің»бас жаттықтырушысы. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылға дейін созылады. 2019 жылы оның басшылығымен команда Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button