шахмат

Шахматтан командалық әлем чемпионаты өтетін уақыт анықталды

Шахматтан командалық әлем чемпионаты Израильдің Иерусалим қаласында қараша айында өтеді.

Бұл Ұлттық шахмат федерациясы мен ФИДЕ-нің ортақ келісімі.

ФИДЕ сайтында чемпионат 19-26 қараша аралығында өтетіні көрсетілген.

Бірінші кезеңде 12 команда екі топқа бөлініп, өзара ойнайды. Әр партияға 45 минуттан беріледі.

Келесі кезеңге көп ұпай жинаған төрт құрама шығады. Турнирдің төртінші күні үзіліс жарияланады, содан кейін командалар Швейцария жүйесінде ойнайды. Соңғы күні финалдық ойын мен 3-орын үшін матч өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button