Су спорты

Су добынан Азия чемпионатында отандастарымыз қола жүлде алды

Су добынан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қола жүлдегер атанды.

Таиландтың Самутпракан қаласында өткен құрлықтық додада еліміздің ерлер құрамасы бүгін, 14 қарашада 3-орын үшін кездесуде Ираннан 8:5 есебімен басым түсті.

Топтық кезеңде А тобында сынға түскен ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 6:5, Таиландты 15:4, Үндістанды 17:4 есебімен жеңсе, Иранға 10:11 есебімен есе жіберді.

Ширек финалда Сингапурды 18:8 есебімен қапы қалдырса, жартылай финалда Жапонияға 4:20 есебімен жол берді.

Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатында 2012 жылы чемпион атанса, 2009 жылы күміс, 2015 жылы қола медаль алды.

Ал еліміздің әйелдер құрамасы 3-орын үшін ойында Таиландты 14:5 есебімен тізе бүктірді.

Олар топтық кезеңде Сингапурдан 18:9, Оңтүстік Кореядан 25:5, Таиландтан 15:6 есебімен басым түсіп, Жапонияға 13:23, Қытайға 5:16 есебімен жеңілді. Жартылай финалда Жапонияға 12:16 есебімен жол берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button