Басқа спорт түрлері

Бердіқұлов байқауының ережесі жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы байқау жариялайды.

Сыйлық дене шынықтыру және спорт тақырыбын қамтуға маманданған қазақстандық журналистерге беріледі.

Өтінімдер мен жұмыстарды press.sportcom.kaz@gmail.com  электронды адресіне («Бердіқұлов атындағы сыйлық. 2022 жыл» тақырыбымен)  2022 жылдың 30 қарашасына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Байқауға ұсынылатын жұмыстардың негізгі тақырыптары:
1.Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубоктарына, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.);
2.Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) т.б. насихаттау;
3.Елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оның шешу жолдарын көрсету;
4.Лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер);
5.Қазақстан жазушыларының авторлық жұмыстары (кітаптар, спорт энциклопедиялары және т.б.)
Сонымен қатар байқауға радио, YouTube, Telegram, Instagram, Facebook, Tik-Tok-та контент дайындаумен айналысатын шығармашылық ұжымдар да қатыса алады.

Лауреаттардың есімі МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің сайтында (http://mcs.gov.kz/) және республикалық БАҚ-та жарияланады.

Байқау жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» төсбелгісімен, әр номинацияға 1 млн. теңге қаржылай сыйақымен және арнайы дипломмен марапатталады.

Ескерту: Байқауға соңғы 3 жыл көлемінде «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» төсбелгісін иеленген тұлғалар қатыса алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button