Шетел жаңалықтары

ESPN Катардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысын атады

ESPN Франция құрамасы мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппені Катардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп атады.  

Үздік үштікке тағы бір франциялық Карим Бензема мен «Манчестер Ситидің» бельгиялық жартылай қорғаушычы Кевин Де Брёйне енген. Лионель Месси төртінші орынға жайғасса, Криштиану Роналду 20-орыннан көрінген.

Катардағы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.

ESPN нұсқасы бойынша біріншіліктің үздіктері:

1. Килиан Мбаппе – Франция, «ПСЖ»;
2. Карим Бензема – Франция, «Реал» Мадрид;
3. Кевин Де Брёйне – Бельгия, «Манчестер Сити»;
4. Лионель Месси – Аргентина, «ПСЖ»;
5. Роберт Левандовски – Польша, «Барселона»;
6. Неймар – Бразилия, «ПСЖ»;
7. Лука Модрич – Хорватия, «Реал» Мадрид;
8. Винисиус Жуниор – Бразилия, «Реал» Мадрид;
9. Тибо Куртуа – Бельгия, «Реал» Мадрид;
10. Садио Мане – Сенегал, «Бавария»;

  1. Криштиану Роналду – Португалия, «Манчестер Юнайтед».

Басқа жаңалықтар

Back to top button