Шетел жаңалықтары

Globe Soccer Awards 2022 лауреаттары анықталды

Жеңімпаздарды әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер және әлемдік футболға танымал жаттықтырушылар мен функционерлерден тұратын қазылар алқасы таңдады.

Дубайда осы маусымда алаңда да, одан тыс жерлерде де ерекше көзге түскен футболшыларға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, агенттерге берілетін Globe Soccer Awards сыйлығын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Globesoccer.com.

2022 жылы Globe Soccer Awards лауреаты атанғандар:

Жанкүйерлер таңдауы бойынша: жыл ойыншысы ­– Мохамед Салах

Ерлер арасындағы жылдың үздік ойыншысы – Карим Бензема

Әйелдер арасында жылдың үздік ойыншысы – Алексия Путеллас

Ең мықты қорғаушы – Серхио Рамос

Жылдың үздік ерлер командасы – «Реал» (Мадрид)

Жылдың үздік әйелдер командасы – «Лион»

Жылдың үздік жаттықтырушысы – Карло Анчелотти

Жылдың үздік агенті – Хорхе Мендес

Жылдың үздік клуб президенті – Флорентино Перес

Жылдың үздік спорт директоры – Паоло Мальдини мен Фредерик Массара

Жылдың ең прогрессивті ойыншысы – Виктор Осимхен

CNN off the Pitch Award номинациясы – Didier Drogba Foundation

Жылдың үздік жасөспірімдер командасы – «Бенфика»

Жыл трансфері – Рафаэла Пимента

Жылдың үздік функционері – Хосе Анхель Санчес

Функционер мансабындағы жетістіктері үшін сыйлық – Адриано Галлиани

Ойын мансабындағы жетістіктері үшін сыйлық – Ромарио, Златан Ибрагимович, Уэйн Руни

Жаттықтырушылық мансабындағы жетістіктері үшін сыйлық – Унай Эмери

Агенттік мансаптағы жетістіктері үшін сыйлық – Рене Рамос

Жылдың үздік скауты – Джуни Калафат.

Басқа жаңалықтар

Back to top button