Теннис

Теннис: Әйелдер құрамасы рейтингте үздікте ондықта тұр

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондықта тұр. Бүгін – Халықаралық теннис федерациясы құрама командалардың жаңартылған рейтингісінде белгілі болды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 9-дан 10-орынға сырғығанымен, үздік ондықта қалды.

Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр.

Қазақстандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалған болатын.

Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді.

Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік ондығына мына құрамалар кіреді:

1. Аустралия – 1142;

2. Швейцария – 1041;

3. Испания – 929;

4. Чехия – 922;

5. Франция – 910;

6. Канада – 815;

7. АҚШ – 793;

8. Словакия – 779;

9. Германия – 777;

10. Қазақстан – 739.

Басқа жаңалықтар

Back to top button