Басты

320 млн теңге жымқырған: Бахтияр Байсейітовке іздеу жарияланды

Футболдан қазақстандық бапкердің заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып отыр, оған іздеу жарияланды.

Тергеу барысында Бахтияр Байсейітов Қ.Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компания «Iri building» ЖШС мүддесін лоббилендіріп келгені анықталды.

Аталған кәсіпорын мен квазимемлекеттік сектор субъектісі «Қаратау» ЖШС арасында 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасалған, делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта Бахтияр Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып отыр, оған іздеу жарияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button