Басты

Елена Рыбакина әлемнің «Жыл ойыншысы» атағына үміткер

Маусым қорытындысы бойынша Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлер анықталды.

Еліміздің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина «Жыл ойыншысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді, деп хабарлайды Теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және Уимблдон финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер таласпақ. Бұдан бөлек, америкалықтар, әлемнің жетінші ракеткасы, Ролан Гаррос финалисі Кори Гауфф, рейтингіде үздік үштіктегі Гвадалахара чемпионы Джессика Пегула, сонымен қатар биыл WTA қорытынды турнирінде топ жарған франциялық Каролин Гарсия тізімге іліккен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button