Теннис

Новак Джокович АТР-дің қорытынды турнирінде топ жарды

ATP қорытынды турнирінің финалында әлемнің сегізінші ракеткасы Новак Джокович екі сетте әлемнің төртінші ракеткасы норвегиялық Каспер Руудты жеңді.

Кездесу «Пала Альпитур» стадионының орталық кортындағы хард төсеніште өтті. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен Новактың пайдасына шешілді.

Джокович қорытынды турнирде алтыншы рет жеңіске жетті және титулдық рекордшы Роджер Федерермен тең түсті. Сонымен қатар 35 жастағы серб турнир тарихындағы ең жас чемпион болды – ол Федерердің рекордын жаңартты.

Туриндегі жеңісі үшін Джокович 1500 рейтингтік ұпай және 4 740 300 доллар жүлде алды. Бұл – теннис жарыстарының тарихындағы рекордтық сома.

Басқа жаңалықтар

Back to top button