Басты

Бейбіт Жукаев Жапониядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Жапониядағы Йоккаити челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Әлемнің 315-ракеткасы, Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жукаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 402-орында тұрған жапониялық Юта Шимизумен өткізді. Қазақстандық теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 173-інші, жарыстың 3-ракеткасы, тағы бір жапониялық Есуке Ватанукимен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button