Теннис

Елена Рыбакина 2022 жылы 370 эйс жасады

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина биылғы WTA жарыстарында 57 матчта 370 эйс жасады.

Бірінші орынға 63 матчтағы 394 эйспен WTA қорытынды турнирінің чемпионы, франциялық Каролин Гарсия көтерілді. Екінші сатыға Елена жайғасса, ресейлік Вероника Кудерметова (59 матч, 265 эйс) үздік үштікке ілікті.

2020 жылы Рыбакина 193 эйспен әйелдер теннисі қауымдастығында (WTA) озық шыққан еді.

Ерлер арасында АТР қорытындысы бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алтыншы орынға табан тіреді. Ол 55 бәсекеде 715 эйске қол жеткізді. Өткен жылы қазақстандық теннисші бұл жөнінен алдына жан салмаған еді (62 матч, 840 эйс).

Басқа жаңалықтар

Back to top button