Шетел жаңалықтары

Польша әлем чемпионатының тарихына енді

Польша - әлем чемпионатында қатарынан үш пенальти соқпаған тарихтағы алғашқы құрама.

Роберт Левандовскийге дейін пенальтиді 1978 жылы Казимерц Дейна және 2002 жылы Мацей Журавский жүзеге асырған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Польша 2022 жылғы Әлем кубогының басында Мексикамен (0:0) тең ойнады. 57-минутта Левандовский қақпашы Гильермо Очоадан айласын асыра алмады.

С тобындағы келесі ойындар 26 қарашада өтеді: Польша – Сауд Арабиясы, Аргентина – Мексика кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button