Шетел жаңалықтары
Канада құрамасының бапкері ӘЧ тарихында ерекшеленді
Канада футбол командасының бас жаттықтырушысы Джон Хердман ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарында жұмыс істеген алғашқы жаттықтырушы атанды, деп хабарлайды Opta Sports.
Канаданың ерлер құрамасына дейін ол Жаңа Зеландия (әлем чемпионаты-2007 және әлем чемпионаты-2011) және Канада (әлем чемпионаты-2015) әйелдер құрамаларының бас жаттықтырушысы болды.
Естеріңізге сала кетейік, Канада Катардағы 2022 жылғы Әлем кубогының бірінші матчында Бельгиядан (0:1) жеңіліп қалды.