Басқа спорт түрлері

Алматы облысында «Тазалық күні» іс-шарасы өтеді

Алдағы мерекелік демалыс күндерінде Алматы облысында «Тазалық күні» шарасы өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында үш күн бойы өңіріміздегі барлық демалыс орындарында, саябақтар мен аулаларда жаппай тазалық жұмыстарын жүргіземіз.

Алматы облысында он шақты дестинация мен 100-ден астам танымал туристік бағыт бар. Демалыста табиғат аясына шығатын адамдардың саны артатындықтан, ұлттық парк қызметкерлері, еріктілер мен кәсіпкерлермен бірлесіп, демалыс аймақтарының тазалығына ерекше көңіл бөліп отырмыз, — деді әкім.

Облыс басшысы қонақтар мен тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Марат Султангазиев (@marat_sultangaziyev)

 

Әрбір саяхатшыдан табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқысты арнайы орындарға жинап кетуді сұраймыз. Өйткені тазалық – әрбір адамның ішкі мәдениеті мен парасатының көрінісі. Қоршаған ортаның тазалығы – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз, — деп нақтылады Сұлтанғазиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button