Таеквондо

Әскерилер арасында әлем чемпионаты: әзірге 1 алтын, 2 күміс және 6 қола бар

Біріншілік 29 қарашаға дейін жалғасады

Иран астанасы Тегеранда әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық таеквондошылар әзірге бір алтын, екі күміс және алты қола медаль еншіледі.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер:

1-орын – Мария Севостьянова (57 кг)
2-орын – Нұрай Бауыржанова (49 кг), Ғазез Нұрбек (58 кг)
3-орын – Жансель Дениз (73 кг), Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Шыңғыс Сәндібаев (74 кг), Бекжан Нұснәлім (80 кг), Мейір Нұрғазин (87 кг), Бауыржан Хасенов (+87 кг).

Басқа жаңалықтар

Back to top button