Басқа спорт түрлері

Гандболдан Қазақстан құрамасы Таиландты жеңді

Азия чемпионаты 4 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен Инчхон қаласында өтіп жатқан XIX Азия чемпионатында Таиландты сенімді жеңді, деп хабарлайды kazsports.kz. Есеп: 30-24.

Бұл біздің гандболшылардың В тобындағы 2-жеңісі. Осыдан 2 күн бұрын Ұлттық құрама Ганконгтан басым түскен. Алайда алғашқы турда Қытайға есе жіберді. Қазір Ұлттық құрама топта 3-орында келе жатыр. Қазақстан соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.

Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;

Басқа жаңалықтар

Back to top button