Басты

Футзалдан БАҚ өкілдері арасында Бейсен Құранбекті еске алу турнирі өтті

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті.

Осымен екінші рет ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келген 8 команда қатысты. БАҚ өкілдерінен құралған команДалар қатарында Бейсен Абайұлындай аяулы әріптесіміз ұзақ жылдар бойы еңбек еткен біздің агенттік өкілдері де жақсы өнер көрсетті. Олар жартылай финалда қарсылас командаға жол берді. Төрт орынға жүлде тағайындалған турнирде Жұматай Жақыпбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлықтар да табыс етілді.

Турнир қорытындысы бойынша төмендегі командалар жеңімпаз болды:

1 орын — «Экспресс-К» командасы
2-орын — «Қарекет» командасы
3-орын — «Хабар — Астана» командасы
4-орын — «Тараз-пресс» командасы

Сонымен қатар «Алматы» құрамасына Жұматай Жақыпбаев атындағы, «Шығыс Ақпарат» құрамасына Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлық тапсырылды.

Биылғы турнирге Жетісу облысының әкімдігі мен «Medialab» комуникация агенттігі және Көксу ауданының әкімдігі демеушілік жасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button