Теннис

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының іріктеу сайысында Чилимен ойнайды

Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогыһ іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен кездеседі.

Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогының финалистері – Канада мен Аустралия, сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button