Велоспорт

Кристиан Скарони келер жылы да «Astana» сапында өнер көрсетеді

Биыл шілде айының соңында «Astana Qazaqstan Team» командасының қатарына қосылған итальиялық велошабандоз Кристиан Скарони келер маусымда да осы топ сапында өнер көрсетпек.

Ол 2023 жылға арналған жаңа келісімшартқа қол қойды.

«Соңғы жарты жылда «Astana Qazaqstan Team» командасының маған берген жаңа мүмкіндігі әлемдік турға жоғары деңгейде дайындалуыма жол ашты. Мен команданың толық мүшесіне айналдым деп ойлаймын», – дейді Кристиан Скарони.

Ол бұған дейін кейбір спорт директорлары және велошабандоздармен таныс болғаным себеп деп отыр.

«Осы айлардың ішінде команданың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне өз көмегімді тигіздім, қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Мен үшін келісімшарт мерзімін ұзарту маңызды. «Astana Qazaqstan Team» командасымен бірге болған уақыт ішінде керемет қолдауға ие болдым. Сондықтан оның сапында спорттық мансабымды жалғастыратыныма қуаныштымын. Мен үшін әлемдік турдағы толық маусым үлкен қадам болмақ», – дейді велошабандоз.

25 жастағы Кристиан Скарони болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Велошабандоз бүгінгінің өзінде таулы аймақтарда өткен жарыстарда үздіктер қатарынан көріне білді. Ол биылғы күрделі маусымға қарамастан, «Адриатика-Ионика» кезеңдерінде екі рет жеңіс тұғырынан көрініп, бір күндік «Коппа Бернокки» жарысында 7-ші орынды иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button